
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес сыра қайнату өнімдерін цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталатынын хабарлайды.
Таңбалау нарықтың барлық қатысушылары алдын ала дайындалып, жаңа жағдайларда жұмысты ұйымдастыра алуы үшін бірізді әрі кезең-кезеңімен енгізіледі:
Жеке атап өтеміз: таңбалауға тек 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген өнім жатады.
Осы күнге дейін өндірілген сыра қайнату өнімдері бір жыл ішінде қосымша таңбалаусыз сатылуы мүмкін.
Сыра өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда сатушылары таңбалау жүйесіне бірыңғай цифрлық сервис арқылы қосылады. Тіркеу келесі сілтеме бойынша өнеркәсіптік стендте қолжетімді:
Таңбаланған сыраны немесе сыра сусынын бөлшек саудада өткізу кезінде тауарды айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан түсетін мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін сауда нүктелерінің күнделікті қызметінде пайдаланылатын бақылау-кассалық машина қолданылады.
Құйма сыраны (кегаларда) сату кезінде айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан алынған алғашқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және бүкіл кегаға қатысты жүргізіледі.
Цифрлық таңбалау өнім айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге және адал нарық қатысушыларын қорғауға мүмкіндік береді. Жүйе сыра өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу процестері түсінікті әрі үйреншікті болып қала отырып, заманауи цифрлық шешімдермен толықтырылатындай етіп құрылған.