
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылдың қорытындысы шығарылды.
Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 694 млрд. астам теңге түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде шамамен 18 млрд. тенге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 9 млрд. теңге, жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 5,3 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,2 млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 925 млн. теңге, мониторингтегі салықтөлеушілерді әкімшілендіру – 586 млн. теңге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 370 млн. теңге, кедендік әкімшілендіру – 349 млн. теңге және басқалар. Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 15 мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 75 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдықта 538 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Кеңесте салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізеді.
Қаңтар–ақпан айларында консультациялар аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет жүргізіледі.
Сондай-ақ қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген.
Шараның соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.