Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының ұзарту туралы

Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының ұзарту туралы

Мемлекеттік кірістер комитеті «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзартылатыны туралы хабарлайды. Жоба микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы төлеуге бағытталған.

       2026 жылғы 26 қаңтардан бастап жобаға Ақтөбе қаласы (Ақтөбе облысы) қосылады.

       Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы «Salyq кэшбэк» жобасы 12 облыстың 48 ауданында жұмыс істеді: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында. Жоба оң нәтиже көрсетті, сканерленген чектер саны 26% - ға өсті және олардың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 32% - ға өсті.

      Анықтама үшін: 2025 жылы жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 573 937 чек сканерленді. Есептелген кэшбэк сомасы 152 млн теңгені құрады.

      «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:

  1. Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
  2. Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алу.

      Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.

      Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.

      Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырады.