
Көкшетауда Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі кеңесінің отырысы өтті.
Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айнұр Елікбаева агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ауыл шаруашылығы саласындағы салық заңнамасындағы өзгерістер, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну тәртібіндегі негізгі өзгерістермен таныстырды,
Шараға бейнеконференцбайланыс арқылы кәсіпкерлер палатасының аудандық және қалалық филиалдары қатысты.
Отырыста өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына әсер ететін негізгі мәселелер, соның ішінде көктемгі егіс, мемлекеттік және қаржылық қолдау шаралары, көлік және вагондармен қамтамасыз ету, жаңа Салық кодексімен енгізілген жаңалықтар қарастырылды.
Атап өткендей, ашық диалог, шешімдерді бірлесіп іздеу, келісілген іс-әрекеттер алдағы ауыл шаруашылығы маусымына тиімді дайындықты қамтамасыз етіп, Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді.