Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Салық кодексіннң 169-бабы 2-тармағына сәйкес жаңа бұйрық әзірледі. Құжат Салық кодексінің нормаларын іске асыруға бағытталған және салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды.
Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және салықтық тексеру рәсімдерін бизнес үшін ашық әрі ыңғайлы етеді. Салықтық тексерудің алдын ала актін табыс ету шарттары, жазбаша қарсылықтарды беру және оларды қарау тәртібі айқындалды.
Салықтық тексерулер бойынша негізгі өзгерістер:
- Салық және бюджетке немесе әлеуметтік қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, сондай-ақ шығындарды азайтуға әкелетін барлық тексерулер бойынша алдын ала акт табыс етілетін болады. Бұрын алдын ала акт 20 000 АЕК-тен жоғары есептелген кезде ғана табыс етілді.
- Салық төлеушінің қарсылықтарын тексеруді Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қай құрылымдық бөлімшесі – департамент немесе мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізгеніне қарамастан Департаментер қарайды. Бұл шағымдарды қарау сапасын бақылау мен тәсілдің біркелкілігін арттырады.
- Салық кодексі 144-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын және инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасқан салық төлеушілердің қарсылықтарын Мемлекеттік кірістер комитет қарайды.
- Алдын ала акт табыс ету үшін «кемінде 5 жұмыс күні ішінде» белгіленген мерзімі жойылды. Табыс ету мерзімін енді мемлекеттік кірістер органы тексеру ұзақтығының шектеулеріне негізделе отырып белгілейді.
Естеріңізге сала кетейік, Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін тексеру ұзақтығы күнтізбелік 180 күннен аспауы керек.
- Жазбаша қарсылықтар жеке немесе электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл процесті жылдамдатады және оны ыңғайлы етеді.
- Салық төлеуші қарсылығы болмаса, алдын ала акт нәтижелерімен жазбаша келісімін де ұсына алады.
Өзгерістердің түпкі мақсаты – аудит процедурасын түсінікті, икемді ету және мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогқа бағытталған.