
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде «Отбасы күнін» өткізілді.
Шара барысында балалар ата-аналарының жұмысымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен танысты және кеден саласы бойынша викторинаға қатысты.
Балаларға кеден тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.
Оларға отбасында түсіністік, сыйластық пен бірліктің маңыздылығы туралы айтылды.
Өйткені, отбасында да, ұжымда да жетістіктерге жету үшін бірлік, ынтымақтастық және келісім болу кажет.
Балаларға шай дастарханы ұйымдастырылды
Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды.