
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты –салықтарды ерікті және уақтылы төлеу, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту және кәсіпкерлік қызмет субъектілерін моральдық ынталандыру.
Лауреаттарды іріктеу критерийлері – бюджетке салықтар мен әлеуметтік төлемдердің түсуі, салық берешегінің болмауы, демеушілік және қайырымдылық қызметі, салық есептілігін уақтылы ұсыну және т. б.
Байқау қорытындысы бойынша
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған арнайы салық режимі
- «Хлебороб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
оңайлатылған декларацияға негізделген арнайы салық режимі
- Пай А.А. ЖҚ
Шаруа немесе фермер шаруашылықтары үшін арнайы салық режимі
- Құрманқұлов шаруа қожалығы
Жалпы белгіленген салық режимі – құрылыс
- Джакупов С.Н. ЖҚ
Жалпы белгіленген салық режимі – қызметтер
- "Ақжол-Т" ЖШС
Жалпы белгіленген салық режимі – өндіріс
-"АГРОВИТ ЖШС
Жалпы белгіленген салық режимі – сауда
-"Гелисханов И.З." ЖҚ
Жер қойнауын пайдаланушы
-"Қазақалтын"
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші
- «Көкшетау минералды сулары» АҚ
Сыртқы экономикалық қызмет
«Altyntau Kokshetau» АҚ
жеңімпаздар атаңына ие болды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бизнестің одан әрі дамуы мен өркендеуін тілейміз!