Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және қаржыгерлер күнімен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және қаржыгерлер күнімен!

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин құттықтау сөзінде Еліміздің тәуелсіз дамуының 30 жылдан астам уақытында қаржы жүйесі Қазақстанның бүкіл экономикасын нығайтуда және оны еуразиялық интеграцияға қосуда маңызды рөл атқарғаны туралы атап өтті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлермен  ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 510 миллиардтан астам теңге, салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 23  миллиард тенгеден астам мемлекеттік бюджетке қамтамасыз етілді.Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері  медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Караулова, Өндірістік емес төлемдер басқармасы бөлімінің басшысы Алибек Ашуов, Камералдық мониторинг  басқармасының  бас маманы Жаныл Жусупова, Қаржы басқармасының басшысы Арман Аяшев, Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары Рауза Айтпаева, Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Сәуле Гумарова марапатталды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы  басқармасының бөлім басшысы Жанна Антаева марапатталды

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының алдында салық және кеден түсімдерінің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру міндеті тұр.