Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру

Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру

Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру  аясында Егіндікөл ауылының мектептерінің оқушыларына дәрістер өткізуде.

Оқушыларға салықтардың маңызы, бюджеттің қалыптасуы және ел дамуына салық төлеушілердің рөлі туралы айтуда.
         Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушыларға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

        Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді. 💼📚