Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Арнайы салық режимдері» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін еске салды.
Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2) оңайлатылған декларация негізінде;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Анықтама:
- оңайлатылған декларация және бөлшек салық негізінде АСР біріктірілді;
- мобильді қосымшаны пайдалану негізіндегі АСР және патент негізіндегі АСР біріктірілді;
- тіркелген шегерімді пайдалану негізіндегі АСР жойылды;
- АШТӨ үшін АСР жойылды (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен).
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:
- ЖК болып табылмайтын жеке тұлға қолдануға құқылы;
- жалдамалы жұмысшыларсыз;
- шекті табыс - айына 300 АЕК (1,3 млн. тг, жылына 15 млн. тг);
- қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізімі(ҚР ҮҚ);
- табыстың 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер;
- ЖТС төлеуден босатылды;
- салық есептілігі жоқ, есеп айырысу ай сайын мобильді қосымшаның чектері негізінде.
2) оңайлатылған декларация негізінде АСР:
- бір жылдағы шекті табыс-600 000 АЕК (2,5 млрд. теңге);
- жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ;
- ЖТС/КТС ставкасы - 4% (мәслихаттар 50% төмендетуге/арттыруға құқылы);
- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (ҚР ҮҚ);
- ҚҚС төлемейді;
- салық есептілігі жарты жылда бір рет;
- егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн.тг) асатын болса, салық салынатын табыстан еңбекақы төлеу қорының сомасын азайтуға құқылы;
- егер табыс 135 000 АЕК (550 млн.тг) кем болса, бухгалтерлік есепті жүргізуден босатылады;
- жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР-дегі СТ-мен өзара есеп айырысу сомаларын шегеруге тыйым салынады.
3) Шаруа және фермер қожалықтары үшін АСР (қолданыстағы тәртіп сақталды, салық ЖТС түрінде төленетін болады, бірыңғай жер салығы жойылады).
- ауыл шаруашылығы қызметі;
- ҚҚС, әлеуметтік салықты төлемейді, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлікке салынатын салықтардан босатылған;
- ЖТС ставкасы - айналымнан 0,5%;
- жер учаскесінің болуы міндетті;
- салық есептілігі жылына бір рет.
Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.