Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (бұдан әрі – ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті түрде тіркелуге тиіс, бұл қызмет түрлерінің тізбесі аталған тармақта белгіленген.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 88-бабы 6-тармағына сәйкес, салық органы салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ретінде тіркеуге қоюды үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:

  1. хабарламаны тапсырған күннен бастап;
  2. Лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап.

Жеке қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламалар https://www.elicense.kz сайты арқылы ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген «Хабарламалардың нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту,                     сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулысының 1-қосымшасына сәйкес, хабарлама электрондық немесе қағаз түрінде жолданады.

Бұрын ҚР-сы БАСЖ ақпараттық жүйесінде «elicense.kz» жүйесімен толыққанды интеграция болмаған.  Қазіргі уақытта СӘИЖ ақпараттық жүйесінде «elicense.kz» жүйесімен деректер алмасуды автоматтандырылған түрде қамтамасыз ететін интеграция жүзеге асырылған. Аталған функционал осы жылдың сәуір айында, соның ішінде мекенжай тіркелімі кодының көмегімен енгізіледі.

Мәлімет ретінде хабарлаймыз:

Егер ИС АР анықтамалығында мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) жоқ болса, жылжымайтын мүлік иесі өтініш беруші ретінде объектінің мекенжай коды берілуі үшін сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жүгінуі тиіс немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы мына сілтемеде өтініш бере алады: https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mps.

Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында өтініш берушіге мына сілтеме бойынша мекенжайды нақтылау туралы анықтама (беру/жою) беріледі: https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir.