Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру аясында
Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің мұғалімдеріне дәріс өткізді. Кездесудің тақырыбы — «Қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер». Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:
▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;
▫️ жалпыға бірдей декларациялау;
▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы.
Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.