Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру

Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру

  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру  аясында

Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс өткізді.        Кездесудің тақырыбы — «Қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер», «Қаржылық сауатты мектеп оқушысының 5 ережесі»      Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева мектеп оқушышыларына келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:

▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;

▫️ жалпыға бірдей декларациялау;

▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы.

         Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

        Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді.