Шахматтан іріктеу туры өтті

Шахматтан іріктеу туры  өтті

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - ҚР ҚМ) ағымдағы жылдың 12-14 қарашасына Астана қаласында "FINANCE CHESS CUP 2025" республикалық шахмат турнирін өткізуді жоспарлады, оған ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты органдары қатысады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Көкшетау қаласында, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен,  «Бурабай» мамандандырылған БЖСМ алаңында ҚР ҚМ органдарының қызметкерлері арасында шахматтан іріктеу туры өтті. Ерлер арасында бірінші орынды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Батырхан Кәрімов, екінші орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Аслан Абдрахманов, үшінші орынды – Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Асланбек Утенов иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Қазынашылық департаментінің қызметкері Меруерт Аубакирова , екінші орынды  Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Даметкен Махметова иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жарыстың келесі кезеңдерінде жеңістер тілейміз!