1 қазан – соңғы мерзім! Мүлік салығын уақытында төлеңіз

1 қазан – соңғы мерзім! Мүлік салығын уақытында төлеңіз

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына жақындап қалғанын азаматтардың назарына хабарлайды. Салықты 2025 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.

Салық төлеушілер кімдер болып табылады?

Жеке тұлғалар мүлік салығын келесі меншік объектілеріне қатысты төлеуге міндетті:

-тұрғын үйлер мен пәтерлерге;

-саяжай құрылыстарына;

-гараждарға;

- басқа да ғимараттар мен құрылыстарға, үй-жайларға.

1 қазанға дейін салық төленбеген жағдайда, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап борышкерлерге берешектің бар екендігі туралы хабарлама жіберіле бастайды.

Егер берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, хабарлама жіберілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін қарызды мәжбүрлеп өндіру туралы бұйрық шығарылып, әр күнге өсімпұл есептеледі.

Салық сомасын

Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz)

электрондық үкімет порталында (eGov.kz)

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында

білуге ​​болады

Төлеу тәсілдері:

  1. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы;
  2. Электрондық үкімет порталы (eGov.kz)
  3. Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға болады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді жеке тұлғалардың мүлкіне салықты уақтылы төлеуді жүзеге асыруға шақырады, өсімпұлды есептеу және салық заңнамасында көзделген өзге де салдарлар сияқты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды болдырмау үшін.