2025 жылдың қыркүйек айындағы салық күнтізбесі

2025 жылдың қыркүйек айындағы салық күнтізбесі

Құрметті салық төлеушілер!

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың қыркүйек айына арналған салық күнтізбесін ұсынады.

 Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру және салық төлемдерін төлеу мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.

 САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША

 15 қыркүйек:

250.00 нысаны – 2024 жылғы 31 желтоқсандағыжағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

270.00 нысаны – 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларация;

400.00 және 421.00 нысандары – шілде айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.

 22 қыркүйек:

саны – тамыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

 ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША

 22 қыркүйек:

Тамыз айына ЕАЭО-да ҚҚC;

Тамыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

 25 қыркүйек:

270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияға сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС);

Қыркүйек айына КТС бойынша аванстық төлемдер;

Тамыз айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;

Тамыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;

Тамыз айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;

Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;

Тамыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.