Есіл қаласында Есіл, Жақсы және Жарқайын ауданданының салықтөлеушілеріне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті.
Жаңа Салық кодексінде бизнес пен азаматтардың өміріне оң әсер ететін бірқатар маңызды өзгеріс қамтылған. Бұл ретте аталған реформадағы жаңашылдықтарды дұрыс түсіндіріп, қолдану тәртібін қоғамға тиімді жеткізудің маңызы зор.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов жаңа ұғымдар мен терминологиядағы тәсілдерді, КТС пен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу жайлы, ЖТС бойынша прогрессивті шкаланы, ҚҚС реформасы мен тиісті процестердің цифрландырылуы туралы, есеп түрлерінің азаюы мен АСР өзгерістерді қамтитын тұжырымдамалық жаңашылдықтар туралы кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ ведомство өкілі салық органдарының қызметін сервистік модельге көшіру туралы айтып берді, мұнда басты назар салық төлеушілермен өзара әрекеттесудің сапасына аударылмақ. Бұған қоса хабарламалар мен ықпал ету шаралары қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылатыны айтылды.
Қатысушылар жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықтарды есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын өткізілген декларацияларды түзету мәселелері бойынша көкейдегі сұрақтарын қойды. Спикерлер барлық сауалға жауап беріп, жыл соңына дейін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, МКК қосымшаларында оқыту модульдері іске қосылатынын түсіндірді.
Жаңа заңның негізгі мақсаттарының бірі — шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру.
Кездесудің соңында Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Келесі семинар 5 қыркүйекте Целиноград ауданы Ақмол селосында өтеді.