Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.
Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.
Акция аясында Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдлулин атындағы көпсалалы №3 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушысы көмек көрсетілді, оған рюкзак, аяқ киім, спорт киімдері, сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.
Оқушыға білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен қуаныш тілейміз! Ақ жол!