Құрмет демалысына шығарып салды

Құрмет демалысына шығарып салды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына аудит басқармасының бас маманы Айгүл Кожанованы шығарып салу рәсімі өтті.

28 жылдан астам Айгүл  Қайырвалиқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.

Ол жұмысын Степногорск қаласы бойынша салық комитетінің басқа да кірістер бөлімінің салық инспекторы лауазымынан бастады.

2004 жылдың наурызында Ақмола облысы бойынша Салық комитетіне ауыстырылды.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін абыроймен атқарған үшін  «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Құрметті Айгүл  Қайырвалиқызы!

Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы