30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні!

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі.

Негізгі Заң мемлекеттік құрылымның негізгі принциптерін айқындайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Еліміздің көпұлтты халқының достығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін Конституция – Тәуелсіздігіміздің берік іргетасы, Қазақстанның табысты дамуының және халықаралық биік беделінің кепілі.

Басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бірлік пен Тұрақтылық жылдан жылға нығая берсін. Біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасына, сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бейбітшілік, амандық пен өркендеуді тілейміз!