Аңдатпа! Атбасар қаласында жаңа Салық кодексіне еңгізілген өзгерістер бойынша семинары өтеді

Құрметті Атбасар, Астрахан және Сандықтау аудандарының салық төлеушілері!
2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған аймақтық семинар өтеді.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді таныстырады және сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.
📍 Өтетін орны:
Атбасар қ.,
Ағыбай батыр қ., 26Б
Аудандық мәдениет үйі
📅 Күні: 02.09.2025 ж.
⏰ Уақыты: 10:30 – 13:00