Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақмола облысы әкімінің қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады.
«Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.
Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.
Ақмола облысында шілде айының қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз анықталды Ақкөл ауданының тұрғыны Алена Резова, Жақсы ауданының тұрғыны Айнұр Қайдауылова, Щучинск қаласының тұрғыны Алма Жұман мен көкшетаулық Азади Фирудин.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!