Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі өтті!

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі өтті!

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіби мереке қарсаңында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін елеулі үлес қосқан еңбектері үшін марапаттады.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін белсенді және объективті жариялағаны үшін «Көкшетау-Бүгін - Сегодня» газетінің бас редакторы Олеся Жағпарова мен РТ РК «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының журналисті Эльмира Оспанова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы  Жандос  Дүйсембиевтің алғыс хаттармен марапатталды.Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының алғыс хаттарымен  РТ РК «Қазақстан» облыстық филиалының шеф-редакторы Гүлнәр Бекенова, «Nayza Kokshe» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Сәуле Құсайынова және  716.KZ  ақпараттық порталының  редакторы Айя Калягина марапатталды.

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жан-жақты жариялаудағы еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Журналистика үлкен  жауапкершілік талап ететін кәсіп.

Сізге және жақындарыңызға денсаулық, береке-бірлік тілейміз!