Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маман-теологы Ергелді Айтқожа және «Сенімен Болашақ» АҚҰ Ақмола филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова, Ш.Уәлиханов атындағы Университетінің «Құқық» кафедрасының жоғары санаттағы құқық ғылымдарының магистрі Ерлан Наурызбаевтың қатысуымен семинар өтті.
Аталған іс-шарада «ҚР Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен пайдалану тәртібі», сондай-ақ «Түрлі діни топтар мен секталар туралы және олардың ықпал ету әдістері» және «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсіту мен жыныстық қудалауды алдын алу» мәселелері қаралды.
Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.