«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қазақстанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды.

Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаматтарға салық және кеден саласында кеңес берді.

«Халық заңгері» құқықтық демократиялық мемлекетіміздің, ортақ үйіміздің дамуына үлес қосып келеді. Мұнда заңның үстемдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау басымдыққа айналуға тиіс.