Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2025 жылдың IV тоқсанында заңды және жеке тұлғалардан 2648 өтініш келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі салықтық және кедендік әкімшілендіру, оңалту және банкроттық, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелеріне қатысты болды.
Түскен 2648 өтініштің 2314-і қаралды, оның ішінде 1430-ы әкімшілік рәсім тәртібімен, 884-і жеңілдетілген тәртіппен қаралды.