ЕАЭО елдерімен шекарадағы "Ауыл", "Қоянбай", "Жезкент" және "Байтанат" автомобиль өткізу пункттерінде "CarGoRugsat"электрондық кезегі жұмыс істейді

ЕАЭО елдерімен шекарадағы "Ауыл", "Қоянбай", "Жезкент" және "Байтанат" автомобиль өткізу пункттерінде "CarGoRugsat"электрондық кезегі жұмыс істейді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге ЕАЭО елдерімен шекарадағы "Ауыл", "Қоянбай", "Жезкент" және "Байтанат" автомобиль өткізу пункттерінде "CarGoRugsat" электрондық кезегі жұмыс істейтіні туралы хабарлайды.

Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушыларға "CarGoRugsat"қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет. Кезекке тұру үшін Сізге:

  • https://cgr.goldau.kz/ru/start сайты «CarGoRugsat» қосымшасына кіру және тіркелуден өту;
  • "Өткізу пунктін" тандап, ары қарай шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және автокөлік пен жүргізуші туралы деректерді толтыру қажет;
  • "Меніңөтуім"қойындысында сапарлардың электрондықкезектері көрсетілген, қалаған сапардытаңдап, QR-кодынжүктей аласыз.

"CarGoRugsat" электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.