
1 қыркүйек күні сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» сауда-ойын-сауық орталығында «Қолжетімді құқық аумағы» атты көшпелі консультациялық акция өтеді.
Акция барысында қала тұрғындары құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарды мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ жеке сот орындаушысына тікелей қоя алады.
Акцияға төмендегі мекемелердің өкілдері қатысады:
- Абай облысының прокуратурасы;
- Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
- Абай облысының Полиция департаменті;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті;
- Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Абай облысының Әділет департаменті;
- Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;
- Абай облысының Білім басқармасы;
- Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы;
- Семей қаласының әкімдігі;
- жеке сот орындаушы.
Өтетін орны: «Avenue» сауда-ойын-сауық орталығы
Күні: 1 қыркүйек
Уақыты: 17:00–18:30