Мүлік салығы: төлеу мерзімі — 1 қазанға дейін!

Мүлік салығы: төлеу мерзімі — 1 қазанға дейін!

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады!
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 603-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеуі қажет.

 Салықты кім төлеуі тиіс?
Меншігінде салық салу объектілері бар жеке тұлғалар, оның ішінде тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің иелері.

 Салық сомасын қалай білуге және төлеуге болады?
Төленуге тиіс салық сомасын мына сервистер арқылы тексеріп, төлеуге болады:
• e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы;
• екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
• Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы «Жеке тұлғалардың алдағы төлемдері және берешегі» сервисі арқылы;
• eGov.kz порталы арқылы.

 Төлемді соңғы күнге қалдырмаңыз!

 Салық міндеттемесі уақытында орындалмаған жағдайда салық заңнамасында көзделген шаралар қолданылады, оның ішінде өсімпұл есептеледі.

 Салықтарды уақтылы төлеу — елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлес!