
Қазақстан Республикасында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңымен реттеледі.
Заңда мынадай рәсімдер көзделген:
Соттан тыс банкроттық
Сот арқылы банкроттық
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық рәсімі келесі талаптар бір мезгілде сақталған жағдайда қолданылады:
Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 1 600 АЕК-тен аспайды;
Міндеттемелер бойынша төлем мерзімі кемінде 12 айға кешіктірілген;
Борышкердің мүлкі жоқ;
Кредитормен берешекті реттеу рәсімдері жүргізілген (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
Соңғы 7 жыл ішінде банкроттық рәсімі қолданылмаған.
Өтінішті мына жолдармен беруге болады:
eGov.kz порталы;
eGov Mobile мобильді қосымшасы;
e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО).
Азамат банкрот деп танылған жағдайда:
5 жыл бойы банктік қарыздар мен микрокредиттер алуға шектеу қойылады;
Қайта банкроттық рәсімін 7 жылдан кейін ғана қолдануға болады;
Азаматтың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі.
Маңызды!
Банкроттық рәсімі алимент төлеу және өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерден босатпайды.