
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде интернет-платформалар арқылы қызметін жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін арнайы салық режимі көзделген.
Аталған режим орындаушылар мен тапсырыс берушілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық платформалар арқылы белгіленген қызмет түрлері бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғаларға қолданылады.
Арнайы салық режимін қолдану шеңберінде интернет-платформа операторы салық агенті болып танылады.
Оған салық заңнамасының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманың талаптарына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу міндеттері жүктеледі.
Ұсталған жеке табыс салығы есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей бюджетке аударылады.
Әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді.