
Жеке кәсіпкерді (ЖК) тіркеу кезінде салық төлеуші қызмет түрі мен күтілетін табыс көлеміне қарай салық салу режимін дербес таңдайды.
Қазақстанда келесі арнайы салық режимдері қолданылады:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
оңайлатылған декларация негізіндегі режим;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін мына талаптарға сай жеке тұлғалар қолдана алады:
ЖК ретінде тіркелмеген;
жалдамалы қызметкерлері жоқ;
ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайды;
рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін ЖК мен ЖШС келесі шарттарды сақтаған жағдайда қолдана алады:
жылдық табысы 600 000 АЕК-тен аспайды;
тыйым салынған қызмет түрлерімен айналыспайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі:
өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында болуы міндетті.
Салық төлеуші сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін таңдауға құқылы.
Маңызды:
салық режимін таңдау салық төлеушінің өз құзырында;
ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) коды да дербес таңдалады.
Салық режимін таңдамас бұрын келесілерді ескерген жөн:
қызмет түрі;
күтілетін табыс көлемі;
ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттілігі;
шығыстардың болуы және контрагенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Осы арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуден босатылады және қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер болып табылмайды.