
Абай облысы бойынша МКД «Бақты» кеден бекеті елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және сыртқы сауданың ашықтығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Бақылау заманауи технологиялар, сканерлеу жүйелері және инспекциялық-тексеру кешендері арқылы жүргізіледі.
Қызметкерлердің кәсіби дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді — құжаттардағы сәйкессіздіктерді анықтау, тауарларды жасыру белгілерін табу және заң талаптарын айналып өту әрекеттерін әшкерелеу.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:
-дұрыс емес декларациялау (салмақ, құны, атауы);
-тауарларды жасыру;
-әкелу/әкету ережелерін бұзу;
-транзит талаптарын сақтамау;
-жалған немесе ұсынылмаған құжаттар.
Бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда: жаңа технологиялар енгізіліп, құқықбұзушылықтарды анықтау тиімділігі артуда және заң талаптарының сақталуы қамтамасыз етілуде.