Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың салық салуы

Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың салық салуы

Жер қойнауын пайдалану – ерекше құқықтық және салықтық режимге ие сала.

---

Жалпы ережелер

▪️ Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт негізінде барлық салықтар мен төлемдерді ҚР заңнамасына сәйкес бюджетке төлейді.

▪️ Бұл сала үшін арнайы төлемдер мен салықтар қарастырылған:
– жазылу бонусы
– тарихи шығындарды өтеу төлемі
– баламалы жер қойнауын пайдалану салығы
– роялти
– мемлекет үлесі (өнімді бөлу)
– пайдалы қазбаларды өндіру салығы
– артық пайда салығы

▪️ Үкімет төмен рентабельді кен орындарының тізбесін және олардың салық тәртібін айқындайды.

▪️ Каспий теңізіндегі жекелеген көмірсутек жобалары бойынша баламалы салық режимі қолданылуы мүмкін.

---

Салық міндеттемелерін орындау тәртіб

▪️ Салық міндеттемелері олар туындаған сәттегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептеледі.

▪️ Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қосымша салық салуға жатады.

▪️ Келісімшарт бойынша қызмет өзге қызмет түрлері бойынша салықтан босатпайды.

▪️ Кейбір өнімді бөлу туралы келісімшарттар үшін тұрақты (стабильді) салық режимі сақталуы мүмкін.

▪️ Операторлар мен консорциум мүшелері салық міндеттемелерін келісімшарт талаптарына сәйкес орындайды.

▪️ Күрделі жобалар тоқтатылған жағдайда жаңа салық міндеттемелері жаңа нормалар бойынша есептеледі.

---

 Жеке салық есебі

Жер қойнауын пайдаланушылар:

▪️ Әрбір келісімшарт бойынша бөлек есеп жүргізеді.

▪️ Төмен рентабельді, аз ағынды, жоғары тұтқырлы кен орындары үшін де жеке есеп жүргізіледі.

Кірістер мен шығыстар 3 топқа бөлінеді:

1)Тікелей – нақты келісімшартқа тікелей қатысты

2)Жанама – бірнеше келісімшарт арасында бөлінеді

3)Жалпы – нақты байланысы жоқ, келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметке бөлінеді

▪️ Жанама және жалпы шығыстар есеп саясатына сәйкес таңдалған әдіспен бөлінеді және салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

---

 Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық салу – күрделі әрі арнайы тәртіпке ие жүйе.

Толық ақпаратты ҚР Салық кодексінен немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады.