
Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік рәсімдеу тәртібі
Қазақстан Республикасында жеке пайдалануға арналған тауарларды рәсімдеу ҚР кеден заңнамасына және ЕАЭО-ның бірыңғай ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
---
Жеке пайдалануға арналған тауарлар дегеніміз не?
Жеке, отбасылық және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған, бірге алып жүрілетін немесе ілеспейтін багажда тасымалданатын тауарлар.
---
Бажсыз әкелу нормалары (жаяу тәртіппен)
Құны — 500 еуродан аспауы тиіс
Салмағы — 25 кг-нан аспауы тиіс
Жиілігі — айына 1 рет
Нормалар бір адамға қолданылады
Тек жеке пайдалану үшін (коммерциялық мақсатта емес)
---
Жасыл және қызыл коридор
Жасыл коридор — егер тауарлар белгіленген лимиттен аспаса.
Декларация толтыру талап етілмейді.
Қызыл коридор — лимиттен асқан жағдайда:
▪️ Жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) толтырылады
▪️ Кедендік кіріс ордері (ККО) рәсімделеді
▪️ Кедендік төлемдер төленеді
Төлемді «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.
---
Нормадан асқан жағдайда төлем
Артық соманың 30%-ы
Бірақ кемінде 1 кг үшін 4 еуро
Бұл талап бөлуге келмейтін тауарларға (тоңазытқыш, диван, кір жуғыш машина және т.б.) қолданылмайды.
Бірдей тауарларды жиі немесе көп мөлшерде әкелу коммерциялық әкелу ретінде бағалануы мүмкін.
---
Арнайы шектеулер
▪️ Алкоголь — 21 жастан бастап 3 литрге дейін бажсыз, 3–5 литр аралығы қосымша төлеммен.
▪️ Темекі — 200 сигарета немесе 50 сигара немесе 250 г темекі (21 жастан бастап).
▪️ Қолма-қол ақша — 10 000 АҚШ долларына дейін; одан асса міндетті түрде жазбаша декларациялау қажет.
---
Белгіленген нормаларды сақтау — кедендік бақылаудан жылдам әрі кедергісіз өтудің кепілі.