
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар ұсынады:
ҚР заңнамасына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар
(«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»,
«Сақтандыру қызметі туралы»,
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға сәйкес).
ҚР кәмелетке толған азаматтары – резиденттері, егер олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде:
• шетелде тіркеуге жататын мүлкі;
• шетелдік банктердегі шоттарында 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын қаражаты;
• инвестициялық алтыны;
• шетелде құрылған заңды тұлғалардағы үлесі;
• тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
• шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары мен туынды қаржы құралдары;
• шетелдік брокерлік шоттардағы қаражаты;
• шетелдегі зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
• шетелдегі дебиторлық немесе кредиторлық берешегі;
• Кодекстің 423-бабында көрсетілген өзге де мүлкі болса.
Декларацияны уақтылы және толық тапсыру – заң талаптарын сақтаудың маңызды шарты.