2026 жылдан бастап көлік салығы бойынша өзгерістер

2026 жылдан бастап көлік салығы бойынша өзгерістер

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес көлік салығын есептеу тәртібі жаңартылды

10 жылдан астам пайдаланылған жеңіл автокөліктерге – түзету коэффициенті - 0,7 қолданылады.

20 жылдан астам пайдаланылған көліктерге – түзету коэффициенті 0,5 қолданылады.

 Шаруа және фермер қожалықтарына жеңілдік

Бір жеңіл жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралы (жүк платформасы бар, жүргізуші кабинасы жүк бөлігінен қатты қалқамен бөлінген пикап) бойынша салықтан босатылады.

 Әрбір қожалық бойынша – 1 көлік ғана босатылады.

Көлік санаттары өзгерді

Бұрынғыдай (пикап, джип, лимузин, фургон) түріне қарай бөлу алынып тасталды.

Енді көлік санаты жүргізуші куәлігінің санаты бойынша айқындалады:
A, B, C, D.

 Қозғалтқыш көлемі 3000 см³-тен асатын көліктерге қатысты норма жойылды.

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ҚР-да өндірілген немесе елге әкелінген осындай автокөліктерге арналған жеке жоғары мөлшерлемелер алынып тасталды.

Заңды тұлғалар үшін

Көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу нысанын тапсыру міндеті жойылды.

Енді декларация жыл қорытындысы бойынша ғана тапсырылады және төлем сол негізде жүргізіледі.

 Толық ақпарат алу үшін орналасқан жеріңіз бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарласыңыз.