
БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасы 2.0.3 нұсқасына көшу туралы
Комитет БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) ФДО серверіне беру функциясы бар БКМ үшін 2.0.3 нұсқадағы жаңа деректерді беру хаттамасын әзірлегенін хабарлайды.
Аталған хаттама Комитеттің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы 20 маусымда жарияланған.
2.0.3 нұсқасында не қарастырылған?
БКМ-ді Тауарлардың ұлттық каталогына автоматты түрде қосу;
ФДО тарапынан БКМ-нің нақты орналасқан жерін (геолокация) анықтау сервисі.
Кімдерге қайта бағдарламалау қажет?
Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер;
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы («темір касса») түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілер.
Не істеу қажет?
БКМ-ді қайта бағдарламалау үшін:
БКМ әзірлеушілеріне;
БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.
Дара кәсіпкерлерге деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2026 жылғы 01.03-ке дейін жаңарту (немесе ауыстыру) қажет.
Жаңартуды соңғы сәтке қалдырмаңыз!
БКМ-нің жаңа хаттамаға сәйкес дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңартуды уақытылы жүргізу маңызды.