Мемлекеттік қызметтегі қызметтік тәртіпті сақтау туралы

Мемлекеттік қызметтегі қызметтік тәртіпті сақтау туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары – заңдылық, адалдық, кәсібилік, ашықтық және қоғамға қызмет ету болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші өз лауазымдық міндеттерін атқару барысында аталған қағидаттарды қатаң сақтауға міндетті.

Заңның 50-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер:
 өз лауазымдық өкілеттіктерін адал әрі сапалы орындауға;

 қызметтік тәртіпті бұзбауға;

 азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста қызметтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 22 және 52-баптарында еңбек тәртібін сақтау және оны бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

 Қызметтік тәртіпті бұзу (жұмыс уақыты режимін сақтамау, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау, қызметтік әдеп нормаларын бұзу) тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.

Тәртіптік жаза түрлері:
-ескерту,
-сөгіс,
-қатаң сөгіс,
-атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігін тану, лауазымын -төмендету немесе мемлекеттік қызметтен босату.

 Қызметтік тәртіп пен қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі маңызды. Ол түсіндіру, кеңес беру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Қызметтік тәртіпті сақтау – мемлекеттік қызметшінің кәсіби жауапкершілігінің ажырамас бөлігі және мемлекеттік қызмет беделін арттыру мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың маңызды факторы.