
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді.
Қолданыстағы Салық кодексінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдаланғаны үшін, оның ішінде алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша төлем көздейтін нормалар қарастырылмаған.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Салық кодексіндегі лицензияны пайдаланғаны үшін төлемді реттейтін нормалар (оның ішінде 555–558-баптар) күшін жойды және жаңа Кодекске енгізілмеген.
Қазіргі уақытта алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметімен айналысу құқығына лицензиялық алым лицензияны алу кезінде бір рет төленеді.
Лицензиялық алым төленгеннен кейін лицензия мерзімсіз болып табылады.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу лицензиясын пайдаланғаны үшін тоқсан сайынғы, жыл сайынғы немесе өзге де мерзімді төлем төлеу міндеті жоқ.