
Салық төлеушілердің назарына!
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 наурызға дейін арнайы салық режимін (АСР) таңдау қажеттігін ескертеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуы тиіс.
Хабарлама ұсынылмаған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушіге автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі қолданылады.
Хабарламаны келесі тәсілдер арқылы беруге болады:
• Салық төлеушінің кабинеті;
• «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы;
• Орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қағаз түрінде;
• Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Қазіргі уақытта аталған сервис Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, Халық Банк мобильді қосымшаларында қолжетімді.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салық режимін уақытылы таңдауға және белгіленген мерзімді өткізіп алмауға шақырады.