Әлеуметтік салық бойынша жаңашылдықтар туралы

Әлеуметтік салық бойынша жаңашылдықтар туралы

Әлеуметтік салық бойынша жаңашылдықтар туралы

 Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар арасындағы өзара байланыс алып тасталды.

 Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі 6 % деңгейінде белгіленді.

 Сондай-ақ, бұрын жеке табыс салығы мөлшерлемесін 70 %-ға төмендету көзделген санаттардың орнына әлеуметтік салықтың өзге мөлшерлемелері белгіленді:
• ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін – 1,8 %;
• жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – өзі үшін 0,6 АЕК, қызметкерлері үшін - 0,3 АЕК.

 Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген, оның ішінде:
• өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар;
• оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданушылар;
• шаруа немесе фермер қожалықтары.