Кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін "Халық бухгалтері" акциясы басталады

Кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін "Халық бухгалтері" акциясы басталады

Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Халық бухгалтері" акциясын іске асырды.

 Абай облысының барлық өңірлерінде 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы  қолдау көрсетуге бағытталған "Халық бухгалтері"  акциясы басталды.  Осы акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

  Жоба шеңберінде салық төлеушілерге бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша ұғымды және практикалық түсініктемелер берілуде.

  Негізгі формат — аудандар мен облыс орталығында мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. 

 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында кеңес беру  аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. 2026 жылғы наурыздан бастап кеңес беру аптасына 2 рет жүргізіледі.

 

"Халық бухгалтері" акциясы кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға, уақтылы профилактикалық және кеңес беру арқылы бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған. Алдағы уақытта сервистік шараларды кеңейту және салық төлеушілерге  кеңес беруде сүйемелдеуді күшейту жоспарлануда.