
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық есептілігі:
нені білу маңызды?
Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексі шеңберінде 2026 жылдан бастап салық есептілігі мәселелері бойынша нормаларды енгізуге қатысты келесіні хабарлайды.
Салық есептілігін ұсыну бойынша
Осы бағыттағы жаңалықтардың бірі бюрократиялық процестерді оңтайландыру болып табылады, оның шеңберінде көзделген, егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін салық төлеуге есептелетін нөлге тең сомамен есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
Осы норманы енгізу салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламаларды, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді ұсынбауға, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
ҚР Кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тартуға, яғни бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан айналымдар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданылады, салық төлеуші қосымша салық есептілігін ұсыну жолымен мәлімделмеген кірістерді дербес анықтаған кезде шаралар қолданылмайды.
Бұл ретте, осы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады.
Егер құжаттамадағы нысандар анықталмаса-жүйе салық төлеуші үшін есептілікті қалыптастыра алмайды.
Осыған байланысты салық төлеушілерді салық есептілігін дұрыс автоматты түрде қалыптастыру үшін дерекнамадағы мәліметтерді мерзімінен бұрын өзектендіру туралы хабардар ету қажет.
Салық есептілігін кері қайтарып алу
Қателерді азайту және салық есептілігін дұрыс ұсынбау мақсатында «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметін алып тастау туралы норманы салық төлеушілерге ақпараттық жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Бұл ретте, СЕН ұсынылғаннан кейін өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін беру жолымен ғана мүмкін болатынына назар аударған жөн.
Осылайша, салық төлеушілер декларацияларды толтыруға және тапсыруға алдын-ала және жауапкершілікпен қарауы керек, оларды жібермес бұрын мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеруі керек.
Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) салық есептілігінің негізгі нысандарын ұсыну кезінде салық органының кодын таңдау кезінде салық төлеушілердің қателіктерін болдырмау мақсатында салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықтау және тарту функционалдық мүмкіндігі іске асырылғанын қосымша атап өтеміз.
Бұрын салық органының кодын дұрыс таңдамаған кезде салық төлеуші салық есептілігін кері қайтарып алу функциясын пайдаланғанын ескере отырып, аталған шара есептілікті толтырудың дұрыстығын арттыруға және салық органын таңдау кезінде қателер санын азайтуға бағытталған.
Сонымен бірге икемділікті қамтамасыз ету үшін салық төлеушінің қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес редакциялау мүмкіндігі көзделген.
Салық есептілігін ұсынуды ұзарту
Салық есептілігін табыс ету мерзімдерін бұзуды болдырмау және салық тәртібін арттыру мақсатында салық төлеушілерге СЕН ұсыну мерзімдерін ұзарту жөніндегі норманы алып тастау туралы кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет.
Бұл СЕН беру мерзімін кейінге қалдыру енді заңнамада көзделмегенін білдіреді.
Осыған байланысты салық төлеушілерге қатаң кеңес беріңіз
салық есептілігін дайындауды алдын ала жоспарлау және декларацияларды белгіленген мерзімде уақтылы жіберу.
Бұйрық бойынша
ҚР Қаржы министрі 12.11.2025 ж. № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бекітілген.
Көрсетілген бұйрықта:
- салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;
- салық есептілікті нысандарын ұсыну ережесі;
- «Салық есептілікті қабылдау», «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
Салық есептілікті кері қайтарып алуды, сондай-ақ оны ұсыну мерзімдерін ұзартуды көздейтін нормалар 01.01.2026 жылдан бастап күшіне енетінін және оның ішінде көрсетілген күнге дейін туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатынын қосымша хабарланады.