Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар

Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар

Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар

2025 жылдың 28 қарашасында Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақсуат және Бородулиха аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында бизнес-қауымдастығымен семинар өті.

Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен таныстыру болды.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық кодексінің нормалары түсіндірілді, ҚҚС, КТС, ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, кеңейтілген форматта арнайы салық режимдерінің түрлері, оларды қолдану шарттары, АСР таңдау және оған көшу тәртібі түсіндірілді.
Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.