01.01.2026 жылдан бастап жеке табыс салығы ставкаларының өзгеруі

01.01.2026 жылдан бастап жеке табыс салығы ставкаларының өзгеруі

01.01.2026 жылдан бастап жеке табыс салығы ставкаларының өзгеруі

 2026 жылдң 1 қаңтарынан жеке тұлғалардың ЖТС бойынша салық міндеттемелерін орындауын оңайлату мақсатында салық салудан босатылатын кірістерді дербес және төлем көзінен бөлу көзделген.
 Алынатын табыс түріне қарай ЖТС-ның сараланған мөлшерлемелері көзделген.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістерін қоспағанда, барлық табыстарға ЖТС ставкаларының тиісті прогрессивті шкаласы бойынша салық салынады.
 Жеке практикамен айналысатын адамдардың табыстарына (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) 9% ставка бойынша ЖТС салынады.
 ЖК және ШҚ жалпы белгіленген тәртіппен барлық табыстарға (жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарын қоспағанда), сондай-ақ дивидендтерге ЖТС ставкаларының мынадай прогрессивті шкаласы бойынша салық салынады:
күнтізбелік жылда 8 500 есеге дейін АЕК (35 млн. теңге) – 10 %;
күнтізбелік жылда 8 500 еселенген АЕК – тен (35 млн.теңге) асқан кезде – табыстан 8 500 еселенген АЕК-ке дейін 10% (35 млн. теңге) + осындай сомадан асқан кезде 15%.

 5% және 15% (230 000 еселенген АЕК-тен жоғары) дивидендтер үшін мөлшерлемелердің прогрессивті шкаласын белгілей отырып, дивидендтер бойынша жеңілдік (30 000 АЕК) алынып тасталды.