БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ  Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы 

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әрбір салық төлеуші заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие. Бұл нормалар салықтық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы өзара сенімге негізделген тәртіпті қалыптастырады.

Салық төлеушілердің құқықтары:
 1. Салық органдарынан түсініктеме алу.
 2. Салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды пайдалану.
 3. Түзетілген декларация тапсыру.
 4. Шағымдану құқығы.
 5. Салықтық ақпарат алу.
 6. Салық құпиясын сақтау.

Салық төлеушілердің міндеттері:
 1. Салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді толық және уақытылы төлеу.
 2. Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және құжаттарды сақтау.
 3. Салықтық есептілікті мерзімінде тапсыру.
 4. Салықтық тексерістер кезінде құжаттар мен ақпаратты ұсыну.
 5. Тіркеу деректеріндегі өзгерістер туралы хабарлау.
 6. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану.
 7. Салық заңнамасын сақтау.

Салық міндеттемелерін орындамау — айыппұлдар мен өсімпұлдарға әкеледі.

Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін сақтау — тұрақты және әділ салық жүйесінің негізі.