Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Абай облысы аудандарында бизнес-қауымдастығымен жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар өткізілуде, бүгін Аягөз ауданы Аягөз ауылында өтті.
Семинар барысында 2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі аспектілері қамтылды. Бұл заңнаманың Қазақстандағы салық жүйесінің ашықтығын жақсарту үшін маңызы зор.
Іс-шара барысында қатысушыларға қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын қоса алғанда, салықтарды есептеу мен төлеуге қатысты негізгі өзгерістер түсіндірілді. Шағын және орта бизнеске қатысты инновацияларға, салық есептіліктерін, төлемдер мен алымдарды азайтуға, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, «Аmian» мобильді қосымшасы арқылы фискалды чектерді тіркеп, акцияларға қатысу арқылы ақшалай және басқа да сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Қатысушылар белсенді пікір алмасуға және сындарлы диалогқа ықпал ететін сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Бұл іс-шара салық заңнамасындағы өзгерістерді және олардың аймақтың бизнес қауымдастығына әсерін талқылау үшін маңызды алаң болды.