🔰 Жаңа Салық кодексін түсіндіру
Абай ауданы бойынша МКБ-да азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.
📝 Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.
✅ Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық кодексінің нормалары түсіндірілді, ҚҚС, КТС, ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
✅ Қатысушылар шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшелігін қоса алғанда, маңызды өзгерістер мен инновациялар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.