Маңызды!!! Сіз 100 000 теңгенің иесі бола аласыз!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде келесі акциялар туралы хабарлайды:
"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.
Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.
"Бәйге" жаңа акциясы
100 000 теңге көлеміндегі жүлде random.org сайттың көмегімен, кездейсоқ жеребе тастау арқылы таңдалған өңірдің 50 үздік пайдаланушысының біріне беріледі
Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды.
Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады.
Аталған акцияларға қатысу үшін "Amian"мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін шағын және орта бизнестің фискалдық кассалық чектерін тіркеу қажет.
#АБАЙМКД
#DGDABAI
#Салықтар
#Налоги
#Кеден
#Таможня
#Тікелей_эфир
#Прямой_эфир
#салықтөлеушігепайдалы
#полезноеналогоплательщику